«Құстарды қоректендіру " экологиялық акциясы

20.03.2023

2023 жылғы 17 наурызда "Атамекен" экологиялық клубының студенттері және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттік Парламентінің экология және еңбек фракциясының депутаттары "Ассамблея Жастары" СҚФ-мен бірлесіп "Құстарды қоректендіру "экологиялық акциясын өткізді. Мақсаты: өскелең ұрпақтың туған өлкесінің табиғатына қатысты белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Акцияға қатысушылар қолда бар материалдан құстарға жем салатын астаулар дайындап, колледж аумағында, "Ардагерлер" аллеясында, Борки кентінің №16 ОМ маңына іліп қойды.

Қоректендіргіште тамақ бар екеніне көз жеткізіңіз:

- Егер құстарды бір рет тамақтандыра бастасаң, күн сайын қоректендіргіште тамақ бар екеніне көз жеткізіңіз.

- Қоректендіргіш құстар үшін ыңғайлы және қауіпсіз болуы керек (өткір жиектері жоқ және тығыз бекітілген, көрші мысық жете алмайтын жерге орналастыру қажет).

- Астауды кішкентай және епті құстар кіре алатындай етіп іліп қойыңыз, бірақ көгершіндер мен қарғаларға емес (олар үшін көшеде тамақ жеткілікті).

- Мүмкіндігінше қоректендіргіш ауа-райынан қорғалуы керек.

- Қоректендіргіш үнемі тазаланып отыруы керек.



Текст
Виртуальная приемная